Жеңіс күніне орай Қазақстанда әскери шеру өте ме?

Елімізде биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. "2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар өткізеді.

Жалпы алғанда барлық өңірден 50-ге жуық шара жоспарланған.