Жеңіс күніне орай әскери шеру өте ме?
Қорғаныс министрлігі биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты елімізде әскери шерудің өткізілмейтіндігін хабарлады.
Алматы, NEGE. "7 және 9 мамырға дейін басқа да шараларды өткізу туралы ақпарат жақын арада министрліктің сайтында жарияланады", - делінген хабарламада.