Жеңілдетілген несиеге 28 млрд теңге бөлінді

Үкімет отырысында cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі нарықты отандық тауармен толықтыру жұмысы жүріп жатқанын жариялады. Министрдің мәлімдеуінше, жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті баға енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бағаны тұрақтандыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар жедел шара қолданып жатыр. Мысалы жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті баға енгізілді. Әкімшілік шара қолдануға мәжбүр болдық. Тұрақтандыру қорларында 7,1 млрд теңгенің 57 мың тонна азық-түлік қоры қалыптастырылып жатыр. Айналым схемасы аясында жеңілдетілген несиеге 28 млрд теңге бөлінді. Жақын арада тағы 4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 3,7 млрд теңгесіне 36 мың тонна азық-түлік қорын қалыптастыру бойынша келісімшарт жасалды», – деді Бақыт Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек