Жемқорлорды ұстап берген азаматтарға 900 мың теңге сыйақы берілді

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлорды ұстап берген төрт адамға 900 мың теңгедей сыйақы берілді.

Алматы, NEGE. Яғни, әрқайсысы 204 мың теңгеден алған. Бұрын бұндай ынталандыру сыйақысы қылмыстың санатына қарай бағаланатын. Ал қазір ақпарат бергендер параның 10 пайызына ие бола алады.

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің айтуынша, қылмыс туралы хабарлағандар тіпті 11 жарым миллион теңгеге дейін сыйақы алатын мүмкіндігі бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы