Жемқор басшы ұсталды

Қызылорда облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды арнайы агенттік.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, өңірдегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау барысында әшкереледі. Ол есірткі құралдарын өндіру кезінде қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған