Жеміс-жидек пен көкөніс экспорты тоқтамайды

Елде жеміс-жидек пен көкөніс экспортына ешқандай шектеу жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». Тек картопты ғана шекарадан шығаруға тыйым салынған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Ведомство төтенше жағдайға байланысты есеп жүргізіп, кортопты жаңа егіс науқанына дейін экспорттамау туралы шешім қабылдаған.  Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс: "Қырыққабат, сәбіз, пияз, қызылша өніміне ешқандай тыйым жоқ. экспортқа рәсімделіп отырған өнімдерден қырыққабат 7 мың тонна, оған 300-ден астам фитосанитарлық сертификат беріліп отыр. Пиязға 5 мың тонна рәсімделіп, шаруалар экспортқа Ресей Федерациясына шығаруды жоспарлап отыр. Сәбіз өніміне 240 тоннаға сертификат берілді. Сондықтан экспортқа шығаруға ешқандай қиыншылық жоқ" деді. 

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды