Желідегілер 1000 теңгелік бетпердені талқылап жатыр

Алайда қала әкімдігі оның тексерілмеген, негізсіз ақпарат екенін айтады.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайынан медициналық бетперденің бір данасын 1000 теңгеге сатылатынын айтқан адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай удай баға желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызған. Алайда қала әкімдігі оның тексерілмеген, негізсіз ақпарат екенін айтады, деп хабарлайды Lada.kz.

– Видеода көрсетілген зат – сантайзерге арналған асай-мүсей (набор), қолғап және екі бетпердеден тұратын жиынтық. Мұндай жиынтық шынымен де 1000 теңге тұрады. Сол дүкеннен бетпердені де бөлек сатып алуға болады, ал оның бағасы 60 теңгені құрайды, – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік қызметкерлері әуежайда жеке қорғаныс құралдарын сататын жалға алушы кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін де айтты.

 

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды