Түркістан облысында жасөспірімдер жоғалған таудың видеосы жарияланды

Түркістан облысында екі жасөспірімді түсіре алмай жатқан таудың видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  15 маусымда 25 адамнан тұратын топ Түркістан облысы Төлеби ауданы, Бұрғылық ауылынан 5 шақырымда орналасқан "Бұрғылық" демалыс аумағынан тауға демалуға шыққан. Тауда үш оқушы жоғалып, қайта оралмаған. Іздестіру жұмысы кезінде бір жасөспірімнің жартастан құлап, қайтыс болғаны белгілі болды. Тағы екі оқушыны құтқарушылар тапқанымен, оларды таудан түсіре алмай жатыр. Өйткені олар биікке шығып кеткен тау жартасы тік, бірбеткей болып келеді. 

Видеодан жасөспірімнің біреуі шамамен таудың биік беткейінде тұрғанын көруге болады. Екінші жасөспірім көрінбейді. Олар таудың әр жерінде қалып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды