Желіде Иманғали Тасмағамбетовтің видеосы жарияланды
Иманғали Тасмағамбетовтің Ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырғанын музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында хабарлады.
Алматы, NEGE. Видеода Иманғали Тасмағамбетовтің мұражайға ер-тоқым табыстағаны белгілі болды.
"Қымбатты достар, бүгін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарту сыйлағанын қуанышпен хабарлаймын. Музей қоры ХVIII ғасырға тән Адай ерімен толықты...", - деп жазды Арыстанбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.