Желіде Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары төбелес шығарды деген ақпарат тарады
Журналист Михаил Козачков Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтің үстінен полицияға арыз түскенін хабарлады.
Астана, NEGE. Козачковтың жазуынша, полиция полковнигі Қожахметов екі танысымен мейрамханада демалған. Кейін олардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 49 жастағы ер адам дене жарақатын алып, полицияға жүгінген, артынша ауруханаға түскен. Шағымданушы арызында полковник Қожахметовтің жұдырық жұмсағанын көрсеткен.
Қожахметовке қатысты мән-жайды анықтау үшін Nege.kz Ішкі істер министрлігіне және Астана қаласы полиция департаментіне сауал жолдады.
Думан Қожахметов Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне 2024 жылғы мамырда тағайындалған. Бұған дейін Қожахметовтің жұбайы Зарина Қожахметова Дженнифер Лопестің Астанада өткен концертінде жанжал шығарғаны туралы ақпарат тараған еді.