Желіде Қостанай қаласы білім бөлімінің бастығы ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады

1 маусым күні Қостанай қаласы білім бөлімінің кеңсесінде тінту және тергеу әрекеттері жүргізілген.

uchitelskaya.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Telegram-дағы Halyqstan арнасы жазды.

«Білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаевадан, оның қарамағындағы қызметкерлерден, сондай-ақ қазіргі және бұрынғы мектеп директорларынан жауап алынған», – делінген жазбада.

Болжам бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір топ адамның алаяқтық жасау фактісіне байланысты жүргізіліп жатыр.

Арнаның жазуынша, 1 маусымда Оразбаева ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалған. Әзірге оның күдікті немесе қорғалу құқығы бар куәгер екені белгісіз.

Бұл жайтқа ресми органдар әлі пікір білдірген жоқ.