Желіде Бишімбаевтың барменге қоқан-лоққы жасаған видеосы тарады

Желіде Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев астанадағы мекемелердің біріндегі барменді балағаттап, қорқытып жатқаны түсірілген видео жарияланды.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде қолданушылардың көпшілігі Бишімбаевтың адамдарға деген осындай қатынасынан кейін билікке қалай келгеніне таңданып жатыр.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаевқа азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды. Экс-шенеунік 2023 жылғы қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірген.

Экс-министрдің ісін алқабилер қарайды. Басты сот отырысы 27 наурызға белгіленген. Бишімбаевтың өзі кінәсін мойындамады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?