Жел күшейеді: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Айтуларынша, тауда жел күшейеді.

Алматы, NEGE.  ТЖД мәліметінше, 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Құтқарушылар қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз күшейтілген құрылыстардың астында қалдырмауды ұсынды.

Сонымен қатар қатты желдің күшеюі кезінде мына әрекеттер ұсынылады:

- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болыңыз);

- егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, балконнан үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;

- көшеде болсаңыз, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;

- билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сонымен қатар үйлердің қабырғасына тығылмаған дұрыс. Өйткені төбеден шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

- күшті желде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау қауіпті.