Жел электр станциясын салуға бөлінген қаражатты жымқырған: Астанада ШҚО мәслихатының бұрынғы депутаты сотталды

13 мамыр күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Елена Беленцева мен заңгер Данияр Мергенбаевқа үкім шығарды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Тергеу нұсқасы бойынша, олар «Самұрық-Энерго» компаниясының еншілес ұйымынан 8,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл қаражат Ерейментау қаласында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салуға бөлінген.

Сондай-ақ, Беленцева трансформаторлық қосалқы станцияларды жеткізуге келісімшарт жасап, өз міндеттемелерін орындамаған. Соның салдарынан «П» компаниясы 157 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Сот Беленцеваны 8,5 жылға соттап, «Құрмет» орденінен айырды. Мергенбаев 6 жыл 8 ай мерзімге қамалды. 

Қазір оқып жатыр

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр