"Жексұрын": Трамп Борат жайлы ойын ашып айтты

АҚШ

президенті Дональд Трамп «Борат» псевдо-деректі фильмінде қазақстандық репортер Борат Сагдиевтің рөлін сомдайтын британдық актер Саша Барон Коэнді сынады, деп хабарлайды USA Today.

Алматы, NEGE. АҚШ президентінің айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын британдық комик оны келеке қылмақ болған, алайда Трамп ол шоудың жалған дүниеге құрылғанын сезіп, әрі қарай түсірілім барысына қатысудан бас тартқан жалғыз кейіпкер болған.

«Жасанды ойнайтын жігіт, түк те күлкілі емес», – деп Боратты жексұрынға теңеді.

Ал британдық актер тегін жарнама жасап бергені үшін АҚШ президентіне алғысын айтып та үлгерді.

«Мен де сені күлкілі деп санамаймын. Десек те, әлем саған күле қарайды. Мен нәсілшілдікке негізделген әзілдерді ойнау үшін үнемі кейіпкер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс іздеуге тура келеді», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған