Жексенбідегі ауа райы: Жел, тұман, жаңбыр

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жексенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын мәлім етті.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, антициклон республиканың оңтүстік-батысына және батысына әсер етеді. Сондықтан ол аймақтарда жауын-шашын жаумайды. Қазақстанның қалған аумақтарында фронттардың ықпалымен жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ жауады, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда – тұман, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда - жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады