Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, аптап ыстық болатыны болжанды
10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Синоптиктер Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды деп болжайды. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35°C дейін қатты ыстық болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық: 37°C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық: 35... 37°C.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 10-11 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.