Жекеменшік оқу орталығының директоры тергеліп жатыр
Алмалы аудандық тергеу бөлімі Алматыдағы жекеменшік оқу орталығының директорына қатысты істі тексеріп жатыр.
Алматы, NEGE. «40 жастағы әйел 1 жылдан аса уақыттан бері алаяқтықпен айналысқан. Ол абитуриенттерді шетелге оқуға жіберем деп оқу ақысын жымқырып отырған. Бұл қызметін ол интернет арқылы жарнамалап келген. Абитуриенттердің ата-анасына «балаларың оқуға түсті» деп жалған құжат көрсеткен. Әзірге материалдық шығын 2 млн теңгеден басталады. Полицияға 7 адамнан шағым түскен», – дейді полиция бөлімінің басшысы Есен Ысқақов.
Қазір оған қатысты ҚР ҚК 190-бойынша қылмыстық іс қозғалды.