Жеке қабылдауда бірқатар мәселелер шешімін тапты

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев "халықпен кері байланыс" қағидасы аясында кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Шымкент, NEGE.  Республика даңғылының тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі уақытта жұмысын жалғастырып жүрген Республика даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орнын тексеруді сұраған болатын. Рашид Мамытұлы жауапты сала мамандарына тәртіп сақшыларымен бірге шұғыл түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.

Ал Жангелдин көшесі №166 үй тұрғындары балалар алаңшасының қажеттігі жөнінде өтініштерін жеткізген болатын. Аудан басшысы аталған аулада биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру және алаңша орнату жұмыстарының атқарылатындығын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады