Атыраулықтар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr автокөлігін сыйлады

Атырауда спорт күні аталып өтіп, өңір басшысы спорттың дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдірді. Салтанатты шарада Париж Олимпиадасында бақ сынаған Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr автокөліктері сыйға тартылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сыйлықты жергілікті кәсіпкерлер тарту еткені айтылады. Айта кетсек, бұған дейін депутат Айдарбек Қожаназаров Әбиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін тарту еткен еді.

Қос спортшы да Өзбекстанда дүниеге келген. Кейін тарихи отанына оралған екі спортшы Атырау облысының намысын қорғап жүр. Париж Олимпиадасында дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта қола медаль үшін таласып, қарсыласына есе жіберген еді, ал Эсмигүл Куюлова жарысты ерте аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр