Жээнбеков парадқа қатыспайды. Неге?
Қырғызстан президентінің жанындағы екі адамнан коронавирус табылды: Жээнбеков парадқа қатыспайды. Мәскеуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің қасында бірге жүрген екі адамның коронавирусқа тапсырған анализі оң нәтиже берді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының аппараты мәлім етті. «Алгоритмге сәйкес, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен Мәскеу қаласына ұшып келгенде күтіп алған адамдар COVID-19-ға тест жасады. Қасында жүрген екі адамнан індет табылды» делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдықов пен тағы бір күзет қызметкерінің анализінен оң нәтиже шыққан. Осыған байланысты Қырғызстан президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған шараға қатысудан бас тартқан. Айта кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.