Жедел тест коронавирусты 8-15 минут ішінде анықтайды

Коронавирустың жаңа түрін анықтауға арналған жедел тест Цзянсу провинциясының шығысындағы Вукси қаласында жасалды. Синьхуа ақпарат агенттігінің 31 қаңтар күні қалалық ғылым және технологиялар басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл тест арқылы сырқаттың жұққан-жұқпағаны 8-15 минуттың ішінде анықталады.

Алматы,NEGE. Ақпаратқа қарағанда, жылдам тест жоғары сезімталдыққа ие. Әрі оны пайдалану оңай және тасымалдауға ыңғайлы.

Вирусты жедел талдауға арналған жиынтықты Вирустық ауруларды бақылау және алдын-алу ұлттық институтының мамандары жоғары технологиялы компаниялардың бірімен бірлесе отырып жасаған. Жылдам тест өндірісі қызу жүріп жатса керек. Қазіргі қолда бары күніне 4 мың адамға талдау жасауға мүмкіндік береді екен. Бұл жиынтықтардың алғашқы партиясы короновирустан қатты зардап шеккен Хубэй провинциясында қолданыла бастапты.

29 қаңтар күні Гуанчжоудағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы Қытайдың жаңа коронавирус генін Ресейге бергенін және оның негізінде ресейлік ғалымдар екі сағат ішінде адам ағзасындағы вирусты анықтай алатын жедел тесттер ойлап тапқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті