Жедел саты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды

Алматыда жедел саты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. «Ер адамның дұрыс емес әрекеті “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінің жедел сатысында орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті. Оның жеке басы анықталды, ол полицияға жеткізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков. Бұл кезде, құқық бұзушы қатты өкініп, халықтан кешірім сұрады.

«Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А.есімді тұрғын.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты