Жедел жәрдем қызметі әкімдіктердің құзыретіне берілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметін жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беруді ұсынды.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Жедел жәрдемге байланысты мәселе жоқ емес, бар, осы орайда келесі жылы барлық облыс жергілікті бюджет есебінен тиісті қаражат бөліп, жедел жәрдем көлігі мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Бізде тағы бір ұсыныс бар, жедел жәрдем қызметінің тиісті тарифін белгілеп, жергілікті атқарушы органдарға беру мәселесі қаралып жатыр», – деді Ақмарал Әлназарова.

Одан әрі министр жедел жәрдем қызметін өңір әкімдіктерінің құзыретіне берудің себебін атады.

«Көлік, инфрақұрылым, автокөліктер тұрағы мәселелерін шешу, бригадалардың санын көбейту жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болуы керек. Қаражат бөлу, басқа да мәселелер тез арада шешіледі», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды