Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 294-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлийска Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің ширек финалына өтті.  

КТФ

Алматы, NEGE. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 776-орындағы даниялық Ребекка Мунк-Мортенсенмен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда Жібек 6:4 есебімен басымдылық танытты. Құламбаева екінші сетте де жеңісті уысынан шығарған жоқ – 7:5. Тартысты өткен бәсеке 2 сағатқа созылды.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 795-сатыдағы ресейлік Дарья Астаховамен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан