Жібек Құламбаева өз мансабында алғаш рет WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева жұптық сында WTA 125 санатындағы Бари (Италия) челленджер жарысының жартылай финалына өтті.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэнің меселін қайырды.

Қазақстандық-португалиялық жұп 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Құламбаева – Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді