Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жұмабай Шаштайұлы - ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.

Ол «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында еңбек етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының «Қызын қар», «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды