Жазира Байырбекова мемлекет басшысына күтпеген ұсыныс жасады

Әнші Жазира Байырбекова Қазақстандағы балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрады.

Алматы, NEGE. Әншіні балалар үйіндегі бүлдіршіндердің тағдыры алаңдатады. 

«Мені көп толғандыратын мәселе:Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес. Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ, балаға қарайтындар (нянялар) қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махабат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады. Адамға,балаға мейірім мен көңіл бөлініп тұрса қара нан мен қара су болса да жетеді емес пе?!

Мен жеке басымның,отбасымның мәселесімен өкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ, Мемлекет басшыларынан Балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді. Мүмкін менің осы жазбам өкімен басшыларының бір мейірімдісінің құлағына жетіп қалар. Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүректер мейірімге толар еді!», - деп жазды әнші. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?