Жазира Орақбаева Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, – деп хабарлады olympic.kz.

olympic.kz

Алматы, NEGE. Ол 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады