Жазғы дөңгелекті ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Алматы полиция департаменті осындай айыппұлдар туралы ескертті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ауа-райының нашарлауына байланысты департамент жүргізушілерге жазғы доңғалақтарын алдын ала қыстыққа ауыстыруды ұсынады.

«Қыс кезеңінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Көліктің барлық дөңгелектері қысқы доңғалақтарға ауыстырылсын», – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

1 желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін 18 460 теңге айыппұл қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды