Жазда коронавирустың тарауы халықтың өзіне байланысты
Коронавирустың жаз мезгілінде даму сценарийі халыққа байланысты, деп санайды ҚР жетекші инфекционисі Динагүл Баешева.
Алматы, NEGE. «Коронавирусты инфекцияның жаз мезгілінде даму сценарийі халыққа байланысты. Қазір адамдарды үнемі үйде ұстауға болмайды ғой. Ерте ме, кеш пе карантин жеңілдетіледі. Бізде ғана емес, бүкіл әлемде, тіпті ауру өршіп тұрған елдерде де ендігі жағдай халықтың өзіне байланысты болып отыр. Ауру жұқтырғыңыз келе ме – талаптарды бұзыңыз, ауырғыңыз келмесе, қашықтықты және барлық профилактикалық шараларды сақтаңыз. Ендігі сценарийді өзіміз жазатын боламыз», – деді бейсенбідегі брифингте Баешева.