Жайықтан келген үлкен суды бөгет ұстап тұр

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр.

ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖМ мәліметінше, өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын бөгет салынған.

Қазгидромет гидрологиялық мониторинг деректерінің 11 мамыр сағат 09:00–дегі мәліметі бойынша:

· Атырау — 533 см, тәулігіне 5 см.

· Индербор ауданы — 1026 см, тәулігіне 12 см.

· Махамбет ауданы — 939 см, тәулігіне 15 см.

Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни межеден асып түсті.

Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр