Жайық өзенінің деңгейі 25 сантиметрге көтерілді

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 25 сантиметрге көтерілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 (854 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 5 (846 см, 850 см), Көшімде 3 (849 см, 850 см) сантиметрге түсті.

Сондай-ақ Көшім каналында бірден 40 (780 см, 800 см), Елек өзені Шыңғырлауда 22 (683 см, 750 см) сантиметрге төмендеді.

Шаған өзені Чувашин тұсында 725 сантиметрді (-4, қауіпті шегі – 1 300 см) көрсетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 116 текше метр су жіберіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті