Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 40 сантиметрге көтерілді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Жайық өзені Орал қаласындағы гидробекетте бір тәулікте 40 см көтеріліп, 255 см (қауіпті шегі — 850 см), Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 295 (+22 см, 1 000 см), Көшімде 222 сантиметрге (+ 23 см, 850 см) жетті.

тұрғындардан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 778 см ( 147 см, 1 280-1 300 см), Мичуринде 333 см ( 59 см, 1 100 см), Жайықтың тағы бір саласы Елек Шыңғырлауда 220 сантиметрді ( 71 см, 750 см) көрсетті.

Жайыққа құятын Деркөл өзені Тасқала ауылы тұсында 39, Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында 12 сантиметрге төмендесе, Белесте 53 см өсті (қазіргісі — 552 см, қауіптісі — 600-650 см). Ал 1-Шежін бірден 80, 2-Шежін өзені 99 сантиметрге түсіп, қауіптің беті қайтқан.

Есесіне Сырым ауданында Шідерті өзені Аралтөбе ауылында бір күнде 232 см көтеріліп, 492 сантиметрге (қауіпті шегі — 960 см) бір-ақ жеткен. Сондай-ақ Өлеңті аудан орталығы Жымпиты ауылы тұсында 326 см ( 146 см, 490-520 см), Көпіраңқаты Алғабаста 565 сантиметр ( 181 см, 945 см) болды.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады