Жаяу жүргіншілерді көлік қақты

ШҚО Риддер қаласында екі жаяу жүргіншіжүргіншіні көлік қақты.

Алматы,  NEGE.  ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 07.00 шамасында Шоссейная көшесінде «Toyota Harier» жүргізушісі рұқсат етілмеген тұстан жолдан өтіп бара жатқан 40 және 36 жастағы екі адамды қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алып, Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оған ескерту жасалуы немесе үш айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар екі жаяу жүргіншіге де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша хаттама толтырылған. Оларға екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Қазір оқып жатыр

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған