Жаяу жүргіншілер көпірі опырылып құлады

Вашингтонда сәрсенбі күні тас жолдың үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі опырыла құлады, бес адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы қаланың өрт сөндіру-құтқару қызметі өзінің Twitter парақшасында жазды.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көпірдің астында жанармай құйылған автоцистерна бар екені нақтыланды, төтенше жағдайлар қызметі оның ағып кетуін тоқтатуға тырысуда.

Болжам бойынша, автоцистерна көпірге соғылған, көпірдің құлауына себеп болуы мүмкін. Полиция оқиғаны тексеруді бастады.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады