22 августа 2022 г. 11:26

Жауыздықпен пышақтап кеткен: Әлем чемпионы бөлесінің өліміне байланысты мәлімдеме жасады

Фото:

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри Британия үкіметін суық қарумен қылмыстарға жазаны күшейтуді сұрады. Кеше 21 тамызда боксшының бөлесін пышақтап кетіп, ол көз жұмған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Британиялық БАҚ мәліметінше, 31 жастағы Фьюри Рико Бертон мен 17 жастағы досына Манчестерде екі адам пышақпен шабуыл жасаған. 

"Өткен түнде бөлемді өлтіріп кетті, оның мойнына пышақ сұққан. Есуастардға пышақ алып жүруге рұқсат ету қандай жөнсіздік десеңізші. Мұны тезірек тоқтату керек. Үкімет пышақ қолданып, қылмыс жасағандарға жазаны күшейту қажет. Бұл бір пандемия болып кетті. Өз басыңа келмей, мұның қандай ауыр екенін түсінбейсің", - дейді Фьюри. 

Полиция шабуылға күдікті 21 және 20 жастағы екі адамды ұстағандарын хабарлады. 

Тегтер: