30 декабря 2025 г. 8:59
Жауын-шашынның күшеюіне байланысты Қарағанды – Астана тасжолы жабылды
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті өкілдері.
Астана, NEGE. Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшкен.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
«ҚазАвтоЖол» дерегінше, 30 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты облыс аумағындағы мына автожолдарда барлық автокөлік түріне шектеу қойылған:
- Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
- Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 248-359 шақырым аралығы (Атамекен кентінен Ақсу-Аюлы кентіне дейін);
- Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
- Теміртау – Ақтау – Бастау» автожолының 0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)