Жауапты тұлғалар жұмыстан босатылды

«Тараздағы кәмелетке жасы толмаған оқушы қыз зорланған мектептің директоры мен үш қызметкері жұмыстан босатылды» деп хабарлайды, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда құқыққорғау қызметінің мамандары бұл істі тергеуге алды. ҚР «Білім туралы» Заңының 45-бабына сай, аталмыш мектептің директоры, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғәлімі мен вахта қызметкері жұмыстан босатылған. Сондай-ақ, хабарламада «білім және ғылым министрінің Жамбыл облыстық білім басқармасының жауапты тұлғаларына зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсетілуін және үйінде жеке оқытылу мәселесін тиянақты шешу тапсырылғандығы» айтылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды