14 января 2022 г. 20:41
Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса жазаны жеңілдеткен жөн – Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.
Алматы, NEGE. «Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн.
«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады». – деп жазды Президент.