3 октября 2022 г. 13:27
Жатақхана мәселесі: «Жақын арада жауап береміз»
Еліміздегі студенттер үшін 87 000 орын тапшы. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл мәселені шешу үшін жедел жатақханалар салу мен оған жеке инвесторларды тарту керектігін айтқан еді. Осы орайда NEGE тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілінен министрлік бұл процеске қалай үлес қосып жатқанын сұрады.
Бірақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол бұл сауалға нақты жауап жоқтығын байқатты.
–Қазір осындай көп сұрақ туындап жатыр. Оны біздің министрлік пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге қарастырып, жақын арада жауап береміз деп санаймыз, – деді ол бүгінгі өткен ОКҚ алаңында.