Жастықпен төбелестен чемпионат өтті

А

ҚШ-та жаңа спорт түрі пайда болды. Ол – жастықпен төбелес. Флоридада Pillow Fighting Championship (PFC) промоушені аясында алғашқы чемпионат өткен.

Алматы. NEGE. Geo News таратқан ақпаратқа қарағанда, турнирдің бас жүлдесіне 5 мың доллар тігілген. Жарысқа 16 ер адам және 8 әйел қатысқан.

PFC басшысы  Стив Уильямстің айтуынша, жастықпен ұрыс – жай ғана көңіл көтеру емес, нағыз спорт.

Әлеуметтік желіде жастықпен жекпе-жекпе түскендердің қызықты сәттері жария болды. Қолданушылар арасында түрлі пікір бар.

«Жас кезімізде бәріміз де спортпен шұғылданыппыз ғой»,  «Алысқа түкіруден де чемпионат қашан өтеді екен?» - деп мысқылдағандар да көп.