Жастарға берілетін грант көлемі ұлғайды

Қазақстанда жастар мен әлеуметтік осал топтарға берілетін гранттың көлемі ұлғайды.

Алматы, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады.

Осының аясында 2016 жылғы бұйрыққа өзгеріс енгізіліп, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған грант көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген.

Грант жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы барлығы 20 мың адамға грант беру жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді