Жастар жылында жұмыссыз жастар көбейген
Қазақстанда 2019 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық белең алып, оның көрсеткіші 3,4 пайызға өскен. Бұл экономиканың өсуі мен әлеуметтік картинаның жақсаруына кереғар жағдай туғызып отыр.
2019 жылдың 3-ші тоқсанының аяғында Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жұмыс істейтін 2,1 млн жас азамат тіркелді деп жазады, Ranking.kz. Өткен жылы, дәл осы уақытта жұмыс істейтін 2 млн жас анықталған болатын. Бір жылдың ішінде олардың саны 100 мың адамға өскен.
Сонымен бірге, жұмыссыз жастар саны да көбейген. Қазір елімізде 84,7 мың жас жұмыссыз жүр. Жұмыссыздар жастардың дені Алматы қаласы (16,8 мың адам) мен Алматы облысының (8,9 мың адам)тұрғындары болып шықты. Олармен қатар, Түркістан облысы (7,3 мың адам), Шығыс Қазақстан облысы (7,1 мың адам) және Нұр-Сұлтан қаласында да (6 мың адам) біршама жас жұмыс таба алмады.