26 мая 2023 г. 18:41

Астанада «Жастар» сарайында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Фото:

Президент жастардың білім алып, жұмыс істеуіне ерекше назар аудару керек екенін атап өткен болатын. 

Алматы, NEGE. «Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ, жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек. Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды», – деген еді Мемлекет басшысы.

Астанада «Жастар» сарайында өскелең ұрпаққа арнап іс-шара өткізілді, онда қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесіп, кәсібін қалай бастау және жүргізу туралы қажетті ақпарат ала алды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға қатысушыларға жастарға берілетін шағын несиелер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, «Жасыл ел» жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, жастарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда Агрокредиттік корпорация, Кәсіпкерлер Палатасы және халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен консультациялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 жұмыс беруші компания қатысты: «FORTEBANK» АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы, «Астана Тазалық» ЖШС, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және т.б.

Айта кету керек, Қазақстан Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас кәсіпкерлер конкурстық негізде жеңілдікті кредит ала алады.

Дәстүр бойынша жәрмеңкеге түрлі салалардан – банктерден, мұнай-газ саласынан, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерден және басқа да салалар бойынша жұмыс берушілер арнайы шақырылды.

«Жастар» сарайындағы шараға 16 компания қатысып, жастарды жұмысқа орналастыру аясында 273 жұмыс орнын ұсынылды. 

Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов атап өткендей, бос орындар жәрмеңкесіне жастар өте белсенді келіп, жұмыс берушілердің ұсыныстары мен стартаптарды қолдау бағдарламаларына қызығушылық танытуда.

«Өскелең ұрпақ өкілдері бүгінде әлеуметтік желі арқылы тілдесіп, ақпаратпен өте жылдам алмасуда. Барлығы enbek.kz порталындағы бос жұмыс орындарын байқаған соң онлайн-тіркеуден өтіп, жауап алады. Сондай-ақ біз осындай офлайн жәрмеңкелерді жылына 30-40 рет әртүрлі орындарда өткіземіз. Оларға тек жұмыспен қамту орталығы ғана емес, жастар саясаты басқармасы, әкімдік және басқа да ұйымдар қатысады. Біздің жастар белсенді, кездесуде қойылатые сұрақтары да аз емес. Біз осындай жәрмеңкелерде қойылған сауалдарға жауап беріп, түсініксіз тұстарын кеңінен түсіндіріп береміз», – деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов.

Тегтер: