Жастар Азиядан 6 алтын ұтты
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп, Қазақстанның жастар құрамасы 6 алтын медаль жеңіп алды. Бұл жаңалықты Sports.kz таратты.
Алматы, NEGE. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Махмұд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық және Аманат Сабырғали финалда қарсыластарынан басым болды.
Айта кетейік, финалда төрт қарсыласымыз өзбек боксшылары болды. 56 келіде Бейбарыс Жексен Хуршидбек Расулжоновты 5:0 есебімен тас-талқан етті. 91 келідегі Тоғамбай Сағындық (Амиршох Самадов) пен 64 келідегі Дархан Дүйсебай (Жавлонбек Юлдошев) да қарсыластарын осындай ірі есеппен жеңді. Өкінішке қарай, Азамат Бектас (75 келі) Сухробжан Каимовтен 1:4 есебімен ұтылып қалды.
Алтын ұтқан қалған ұлдардың қарсыластары – Үндістан, Тайланд және Оңтүстік Корея боксшылары.