«Жасөспірімдерге қауіпті» – Алматы прокуратурасы «Дайвинчик» Telegram-ботын бұғаттауды талап етті

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз баланың 2025 жылы сәуірде танысу сайтына тіркеліп, бір азаматпен танысып, кейіннен ол қыз балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталды.

Сонымен қатар аудан прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін «Дайвинчик танысу» Telegram-арнасын анықтады.

Прокуратура аталған ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз енгізді.

Алматы қаласының прокуратурасы ата-аналарды балалардың интернет-белсенділігіне қырағылық танытуға, оларға онлайн қарым-қатынастың қауіптілік ықтималын түсіндіруге және күдікті фактілер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты