Жасөспірімді ұрған адам табылды

Полицейлер Алматыда автобуста жасөспірімді ұрған ер адамды тапты, – деп хабарлайды polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматыда автобуста болған жағдай туралы жасөспірімнің анасы Елена Семенова Facebook желісінде парақшасында жазды. Ол 17 жастағы ұлының Медеуге барар жолда тап болған жағдай туралы айтты. 

Қоғамдық көлікте ер адам күртесінен жұлқылап, орнынан тұруын сұраған. Сол кезде  9 жастағы жасөспірім автобус орындығында отырған. Оның ағасы ер адамға қарсы келіп, оның кішкентай әрі арқасы ауыратынын (бала кифо-сколиоз ауруына шалдыққан) айтып, оған ұзақ уақыт тұруға болмайтынын және отыра беруін сұраған. «Осыдан кейін балағаттау сөздер айтылып, баланың жағынан ұрған», – деп жазды Алматы тұрғыны.

«4 қаңтарда кәмелетке толмаған балаға қоғамдық көлікте болған бұзақылық дерегіне қатысты 50 жастағы ер адам ұсталды», – делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Полиция автобус салонында түсірілген видеоны тәркіледі. Онда расымен ер адам бұзақылық әрекет жасаған. Осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген