Жасөспірімдерді вакцинациялау басталады

Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады. Бұл туралы Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, мұндай шешім балалар арасында аурудың күрделене түсу жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылданған.

Айта кетейік, қәзір Мәскеуде жасөспірімдерге "Sputnik V" вакцинасын қолдану туралы зерттеу жүргізіліп жатыр. Оған жүзге жуық бала қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында 12 жастан бастап балаларға Pfizer және BioNTech вакциналарын қолдануға рұқсат етілген болатын. 1 маусымның өзінен Италия мен Румынияда жасөспірімдерді иммундау басталды. 

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?