Жасөспірім TikTok-та танымал болу үшін көршісін өлтірген

АҚШ-та жасөспірім TikTok-тағы танымалдылық үшін 51 жастағы көршісін өлтірген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көршілер екі жылдан бері жанжалдасып жүрген.

Алматы, NEGE. Сол келіспеушіліктің бәрін жасөспірім видеоға түсіріп алып, оны TikTok-қа салады екен. Сондай видеоның бірін 3 млн адам көрген. Осыдан біраз бұрын жасөспірім көршісінің 17 жастағы ұлын көлікпен соқпақ болған, көп ұзамай электрошокер мен пышақ алып ер адамның өзіне де шабуыл жасаған. Қолтығынан жарақат алған ер адам қайтыс болды. Қорғаушының сөзінше, әлеуметтік желіде танымал болуды көксеген жасөспірім көршісін әдейі өлтірген.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді